23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада ауа райының құбылуы, әсіресе екпінді жел соғып, көктайғақ орнап тұр. Таңертеңнен бері 1600-ден астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, кварталішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. орындарда құм-тұз қоспасын себу жұмысы жүргізілуде.
Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін сақтауы керек.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 5 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтілуде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік