Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАстанада тағы төрт жайлы мектеп ашылды. Олар Сарайшық, Есіл, Нұра аудандарында орналасқан. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Шаһар басшысының сөзінше, жаңа үлгідегі тағы бір мектеп бір ай ішінде ашылады.
Осылайша, ашылған жайлы мектептердің жалпы саны – 16. Оқу жылының басынан бері барлығы 24 мектеп салдық. Жайлы мектептер Мемлекет басшысының ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.
Мәселен, «Отау» шағын ауданында (Сарайшық ауданы) мектеп болған жоқ. Балалар басқа оқу орындарына баруға мәжбүр болды. Енді мұнда 4 мың оқушы орнына (екі ауысымды) арналған мектеп ашылды. Бұл мектеп сондай-ақ №63 мектептің шамадан тыс толып кету мәселесін шешеді, - деп жазды әкім.
Бұдан бөлек Қорғалжын тасжолы, 127 мекенжайында орналасқан жаңа оқу орны тығыздылығы жоғары №90 мектептің қиындығын шешеді.
2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта барлығы 24 мектеп салынады. Олардың 16-сы дайын. Жайлы мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл оқу орындары қаланың барлық ауданында орналасқан.
Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып жатырмыз. Мәселен, 2025 жылы 20-ға жуық мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, - деп қорытындылады қала басшысы.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды