Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Астанада жаңбыр аралас қар жауды. Түнгі ауысымға көшелерді қардан тазартуға коммуналдық қызмет 700-ден астам арнайы техника мен 150-ге жуық жол жұмысшысын жұмылдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада қар тазалау жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қыс басынан бастап 6 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 447 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.
Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.
Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Астанада 10 наурызда күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік - батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4 суық.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?