Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлордада санкцияланбаған қоқыс үйінділерін жою және тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық әкімдік мәліметінше, барлық ауданда мониторинг жүргізіліп, заңбұзушылықтар анықталады және кінәлі тұлғаларға әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік жүктеледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінге дейін 158 қоқыс үйіндісі жойылып, 226 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Бұл жұмысқа 149-дан астам арнайы техника жұмылдырылған.
Аудандар бойынша жағдай мынадай:
Стихиялық үйінділермен күрес тек оларды жоюмен шектелмей, бақылаудың күшеюі және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы да жүргізіледі. Қалада арнайы мобильді топтар мен құқықбұзушылықтарды тіркейтін iKomek жүйесі белсенді жұмыс істейді.
Жыл басынан бері 25 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 345 млн теңгеден асты.
Рұқсатсыз орынға қоқыс тастағаны үшін жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға 100-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (393 200 теңгеден 3 932 200 теңгеге дейін). Егер бұл құқықбұзушылық бір жылдың ішінде қайта жасалса, айыппұл 200-ден 2000 АЕК-ке дейін өседі (786 400 теңгеден 7 млн теңгеден астам сомаға дейін).
Сонымен қатар, қоқыс шығаруға пайдаланылған көлік құралдары мен өзге де мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша санкциялар қарастырылған. Бұл шаралар жаңа рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің алдын алуға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова