Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада бөтеннің үйінен алтын бұйымдар тонаған әйел құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы ПД мәліметінше, Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тонады деген күдікпен 48 жастағы әйелді анықтады.
Тергеу барысында белгілі болғаны, әйел оң жақ жағалаудағы тұрғын үйлердің біріне келген. Аулада ойнап, үйіне кіріп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көріп, ол соңынан еріп барған. Баланың артынша пәтерге кіріп, су беруін өтінген. Үйде ересектердің жоқтығына көз жеткізген қаскүнем жатын бөлмеге кіріп, сөреден бағалы тастары бар алтын бұйымдарды сөмкесіне салып алған. Кәмелетке толмаған бала тонаушыны тоқтатпақшы болған, алайда әйел қашып кеткен, - делінген мәліметте.
Келтірілген материалдық шығын 1,5 млн теңгеге жуық соманы құраған. Ұрланған бұйымдарды ломбардқа өткізген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?