Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада салынып жатқан мектептер мен Оқушылар сарайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің нысандарымен бірге әлеуметтік объектілер де саламыз. Бүгін бірқатар мектептер мен Оқушылар сарайының құрылыс барысымен таныстым. Мәселен қазіргі уақытта 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 11-ін жаңа оқу жылы ішінде ашамыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Бұл жаңа мектептер құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандарда да, оң жағалауда да, елді мекендерде де орналасқан. Сонымен қатар олардың бір бөлігі апатты күйдегі мектептерді алмастырмақ.
Сол сияқты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада алдағы екі жылда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 24 мектеп салынады. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Осы жазда Оқушылар сарайын ашамыз. Тұран даңғылында орналасқан 5 қабатты ғимарат жеке инвестициялар есебінен салынып жатыр. Ауданы 7500 шаршы метрді құрайды, спорт және шығармашылық залдардан бөлек 25 метрлік бассейні де болады. Сонымен қатар балаларды көбірек қамту үшін үш жыл ішінде 15 Оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз.
Олардың бесеуінің құрылысын осы күзде бастаймыз», – деп жазды елорда әкімі.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады