23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында кезекті мектеп ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада он жетінші жаңа мектеп ашылды. Бұл елорда үшін абсолютті рекорд болып саналады! Қасым Қайсенов көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жаңа оқу орны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Мектеп оқушылардың ыңғайлылығы үшін қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгідегі 10 мектеп салынып, есігін айқара ашты. Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Осы мектептердің өзі екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, тағы 4 мектептің үш ауысымды оқыту проблемасы, сол сияқты тығыздылығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешілетін болады. Біз сондай-ақ алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік