23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада көші-қон полициясының қызметін реттейтін арнайы ережелер бекітілуі мүмкін. Елорда әкімдігінің аппарат отырысында тұрғын үйде бір адамға есептелген белгілі бір шаршы метрлер болған жағдайда ғана азаматтарды тіркеу, сондай-ақ, тұруға арналмаған орынжайларда (мысалы, саяжай немесе кеңсе) тіркеуге тыйым салу ұсынылды.
Негізі өзге мемлекеттердің бас шаһарларында кеңінен тараған мәселелердің бірі – азаматтардың тіркеусіз және есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардың бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табылады.
Астанада шектеу шараларының болмауы жекелеген үй иелеріне бір мекен жай бойынша, шын мәнінде онда тұрмайтын ондаған және жүздеген адамды тіркеуге мүмкіндік береді. Қалада кейбір пәтерлерде 400-ден астам азамат тіркелген жағдайлар да болды, бұл ретте бір пәтерге 100-200 адам тіркелу кеңінен тараған құбылыс. Көптеген пәтер иелері осылайша ақша тауып келеді, алайда олар тіпті әкімшілік айыппұл төлегеннен кейін де адамдарды тіркеуді тоқтатпайды.
«Тұтастай бір көлеңкелі индустрия жұмыс істеуде. Бұл тәртіпсіздікке заң жүзінде реттелмеуі ықпал етеді», - деді Астана әкімі Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы тиісті мемлекеттік органдармен осы мәселені қарауды және «Астананың мәртебесі туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Айша КЕРЕЙ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады