29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыEлорда әкімі Алтай Көлгінов еліміздегі ең танымал әрі атышулы құрылыс нысандарының бірі – LRT туралы айтты, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Көлгіновтың айтуынша, жобаның шығынын азайту үшін стансалар мен жылжымалы құрамның санын қысқартуға тура келген.
Біз оңтайландыруды көздедік. Егер бастапқы жобада 18 станса қарастырылған болса, біз әзірге тек сегіз стансаны ұсынамыз. Олар әуежайдан, Пригородныйдан, Қабанбайдың көшелері. Өйткені бұл аралық өте тығыз ораналасқан. Сондай-ақ жылжымалы құрам да қысқарды, жобада 19 жылжымалы пойыз қарастырылған, біз оның бесеуін қалдырып отырмыз. Жоба бойынша төрт вагон қарастырылған, әр вагонға 150 жолаушы сыяды, бәрін қосқанда 600 жолаушы тасымалдай алады, - деді Көлгінов.
Әкім жобаның бюджетін екі есе қысқартуға көмектескенін айтты.
Қазір бізге жобаны аяқтау үшін 577 миллион АҚШ долларын керек, бұл бастапқыдан екі есе дерлік аз қаржы, - деді әкім.
Сонымен қатар, әкім жолаушылар тасымалы мен жерүсті көлігінің бағасы туралы да баяндады.
Алдын ала есептеулер бойынша жолаушылар ағыны 25-30 мың . Өздеріңіз білетіндей, ол субсидияланады. Субсидиялау мен техникалық қызмет көрсету үшін жылына үш миллиард теңге аламыз. Субсидияларды есепке алғанда бағаға келетін болсақ, ол айтарлықтай ерекшеленбейді. , бірақ сәл артық. Біз тұтынушы мүмкіндігін ескереміз, - деп қосты Көлгінов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек