29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада бизнес идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Биылғы жаңашылдықтардың бірі – жастар үшін 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін шағын несие беру көзделген. Сонымен қатар, кәсіптік біліктілікті арттыру мақсатында бір реттік ваучерлер қызметі ұсынылады. 20 ақпаннан бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттарды алуға өтінімдер қабылдау басталды», - деді Ерлан Жүсіпов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бизнес идеялар грантына өтінім business.enbek.kz сайтында онлайн қабылданады.
«Биыл әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын 132 адамға грант бөлу жоспарланып отыр. Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қалалық жұмыспен қамту басқармасының ресми сайты мен электронды еңбек биржасынан онлайн қарауға болады», - дейді ол.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек