29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада самбодан ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті. Додада елорда жастары шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлер жиналды. Байрақты бәсекеде Астана жастарының жергілікті спортшыларды қолдауы шетелдік қонақтарды таң қалдырды.
Әкімдіктің мәліметінше, жастар қатысушыларға белсенді түрде қолдауы мен ыстық ықыластары залды дүбірлетен.
Біз беделді турнирге қатысатын спортшыларымызды қолдау үшін белсенді жастармен жиналдық. Қазақстандық самбошыларға деген мақтанышымызды көрсету үшін Мемлекеттік туымызды алып келдік. Осылайша, қолдау көрсетіп жатырмыз”, - деді Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм.
Айта кетейік, ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты 9 қарашада басталған болатын. Қазақстанда осымен екінші рет ұйымдастырылған спорттық додада 80 елден 470-тен аса спортшы бақ сынады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек