26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Таза білім ордасы» апталығы аясында экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны AMANAT партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының, Қазақстан халқы ассамблеясының және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қолдауымен Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.
Іс-шараға 50-ге жуық белсенді жас қатысты, олар қаланы таза ету және қарт адамдарға қамқорлық көрсету мақсатында бас қосты. Қатысушылар орталықтың аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру және көгалдандыру жұмысын жүргізді. Жастар тазалыққа үлес қосып қана қоймай, экологияны сақтаудың және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Қатысушылар алдында Жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекші маманы Әлібек Жүсіпов сөз сөйледі:
Бұл іс-шара аға ұрпаққа – ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, еліміздің дамуына зор үлес қосқан жандарға құрмет көрсетуге арналған. Мұндай акциялар тұрақты өтеді, көктем мезгілінің басынан бастап бұл бастама үшінші немесе төртінші мәрте ұйымдастырылды. Біз қоғамдық кеңістікті көгалдандыруға немесе тазартуға үлес қосып қана қоймай, жастардың өткен тарихқа және тарихи оқиғалардың ортасында болған жандарға құрмет көрсетуін насихаттаймыз.
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер