Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада бірнеше жыл бойы тұрғынды қорқытып, 38 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген бопсалаушылар ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
31 және 46 жастағы екі ер адам психологиялық қысым көрсету арқылы, интим сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды таратамыз деп төрт жылдан бері ер адамды бопсалаған. Астаналық азамат бопсалаушыларға жалпы сомасы 38 млн теңгеге жуық ақша берген. Күдіктілердің бірінің талабын орындау үшін жәбірленуші өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін ломбардқа тапсырып, 10 млн теңге берген. 46 жастағы күдіктінің кезекті бопсалау фактісінен кейін ер адам биылғы қарашада полицияға жүгініпті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар екі ер адамды ұстады және қамауға алды. Күдіктілердің бірі Алматы қаласында ұсталды. Жеке тексеру барысында одан есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды, - делінген полиция хабарында.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады