Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот қала тұрғынын бірнеше рет лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін кінәлі деп танып, 240 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Сотталған азамат сот орындаушысына айыппұлдың 196 миллион теңге көлеміндегі бөлігін өтегені туралы түбіртектердің көшірмелерін ұсынған.
Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл соманың мемлекет кірісіне түспегені және айыппұл төленбегені анықталды, ал түбіртектердің қолдан жасалғаны белгілі болды.
Прокуратура нұсқауы бойынша сот орындаушысы сотқа айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы өтініш білдірді, бұл өтініш қанағаттандырылды. Айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, – деп хабарлады қадағалау органында.
Жасанды түбіртектерді ұсыну дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар