Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында елорданың барлық ауданында жалпы қалалық сенбілік өтті. Есіл ауданының Пригородный тұрғын алабында акцияға қатысушылар 700-ден астам ағаш көшетін екті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тұрғын алапта отырғызылған ағаштардың арасында жүздеген қарағаш, тал, терек, мамыргүл және емен көшеттері бар.
Акцияға жергілікті тұрғындар, шағын және орта бизнес өкілдері, пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелері бірлестіктері, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері, спортшылар, мұғалімдер қатысты.
Бұл ағаштар ауданның сәніне келтіріп, тұрғындарға таза ауа, көлеңке және жайлылық сыйлайды. Акцияға қатысушылардың кеңінен атсалысуы – барлығымыздың Есіл ауданын таза, жасыл әрі көрікті етуге ұмтылысымызды көрсетеді, – делінген Есіл ауданы әкімдігінің мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 13 қыркүйек пен 11 қазан аралығында дәстүрлі экологиялық айлық «Таза Қазақстан: Таза Астана» өтіп жатыр.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары