Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек13 шілде күні елорданың Орталық саябағында ауқымды спорттық шара – ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді. Осыған байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жарыс Орталық саябақтан басталып, Ильинка аумағында аяқталады. Қатысушылар келесі үш кезеңнен өтеді:
жүзу – 1,9 км;
веложарыс – 90 км;
жүгіру – 21,1 км.
Іс-шараның өтуіне байланысты, әсіресе веложарыс бағыты өтетін көшелерде қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Веложарыс бағыты:
Басталуы – Орталық саябақ (Орталық жағажай маңы);
Тұран даңғылына шығып, көпір астымен солға бұрылу;
Тұран даңғылымен Қорғалжын тасжолына дейін (оң жақ жолақпен) жүру;
Қорғалжын тасжолынан оңға бұрылып, айналма жолға дейін жүру (оң жақ жолақ);
Айналма жолға солға бұрылып, қарсы бағыттағы жолақпен жүру;
Кейін 3 шеңбер бойынша Қорғалжын тасжолынан Қосшы (Қарқаралы) бағытына дейін – сол жақ жолмен жүру;
Шеңберлерді аяқтаған соң, қайтадан Қорғалжын тасжолына түсіп, Ильинка жақтан веложолға кіру;
Мәре сызығы веложол бойындағы велопрокат тұрағы. Жүгіру кезеңі веложол аумағында өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан алдағы күндері жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз, - делінген мәліметте.
Қосымша ақпаратты қалалық триатлон федерациясының Instagram желісіндегі @astana_triathlon ресми парақшасынан алуға болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?