Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордадағы триатлон паркінде биылғы жылдың ең көптен күткен жарысы - «ASTANA TRIATHLON» спорттық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жарысқа 200-ге жуық әуесқой спортшы қатысты. Олардың қатарында Дастан Ордабай, Әмір Алпамыс және Азамат Әшірбай сынды елордалық аутизмі бар спортшылар алғаш рет бой көрсетті.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, Астанадағы жарысқа тек қала тұрғындары емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келетіндердің қатары көп.
Бұл жарыс биылғы көптен күткен іс-шара десем де болады. Бұл жарысқа тек елордалық тұрғындар ғана емес Павлодар, Қарағанды, Көкшетау сынды қалалардан келген әуесқой спортшылар да қатысуда. Сондай-ақ Орталық Азия бойынша алғаш рет біздің қазақстандық пара спортшылар қатысып отыр. Олар үшін бұл жарысқа қатысудың өзі жеңіспен пара-пар. Осындай ерекше қажеттіліктері бар спортшыларымызға қарап, елордада пара спортымыз соңғы жылдары жақсы дамып келе жатқаның аңғаруға болады, - деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов.
Жарыс барысында қатысушылар 3 спорт түрінен екі қашықтықта яғни, спринт және олимпиадалық қашықтық бойынша сынға түсті.
Жарыс соңында әр жас тобындағы триатлон жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен марапатталды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?