Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКешенді тазарту жұмысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен «Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік дерегінше, су қоймасын тазартуға арнайы екі техника жұмылдырылған: сағатына 2000 текше метрге дейін түрлі шөгінділерден тазартатын үлкен жерснаряд және қуаты сағатына 900 текше метрге дейін жететін көпфункционалды әрі өздігінен жүретін шағын жерснаряд.
Биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін жалғасып, жыл сайын 13 жыл бойы жүргізіледі.
Оқи отырыңыз:
Нәтижесінде Астана су қоймасының сыйымдылығы 47 млн текше метрге артады. Нысан көбірек су жинап, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Астана су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде нысанды түбіндегі шөгінділерден тазарту алғаш рет жүргізіліп жатыр.
Президенттің тапсырмасын орындау үшін арнайы мамандар тобы құрылды. Барлық қызметкер арнайы техникамен жұмыс істеу үшін қажетті оқытудан және дайындықтан өтті. Астана су қоймасы - елорданы сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын стратегиялық нысан. Заманауи техниканың арқасында біз бұл су қоймасын жарты ғасырдан кейін алғаш рет тазартып, жұмысты жақсы әрі тиімді атқара аламыз, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары