6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана соңғы бес жылдағы ауасы ең лас қалалар тізіміне кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2019-2023 жылдарда ауасы ең көп ластанған қалаларды атады.
Кейінгі 5 жылда (2019-2023 ж.ж.) атмосфералық ауаның ластануының тұрақты жоғары деңгейі Қарағанды, Алматы, Астана, Өскемен, Теміртау, Жезқазған қалаларында байқалады, - делінген ресми мәліметте.
Сондай-ақ, «Қазгидромет» мамандары аталған қалалардың ауасы қандай улы заттармен жиі ластанатынын айтты.
Негізгі ластаушы заттар:
Қарағанды қаласында – РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, көміртегі оксиді, күкірт сутегі;
Алматы қаласында – қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді.
Астана қаласында – қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді.
Өскемен қаласы – күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт сутегі;
Теміртау қаласы – көміртегі оксиді, азот диоксиді;
Жезқазған қаласы – күкірт сутегі, фенол, - деп жазылған ақпарат бюллетенінде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі