23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты "Астана-Петропавл" тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
“Қазгидромет” РМК мамандарының болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Алдағы бірнеше күнде бірқатар өңірде қолайсыз ауа-райы күтілуде: жаңбыр соңы қарға ұласып, көктайғақ болуы әбден мүмкін. Осыған байланысты ҚазАвтоЖол бөлімшелері тәулік бойы күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Кезекшілікке 500 бірлік арнайы техника мен 700 маман жұмылдырылды, - деп жазды мекемеден.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының Ұлттық операторы жолда мұқият болып, ауа-райы болжамын жіті қадағалауға, күре жолдардың жабылғаны туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға және жабық жолға шықпауға шақырады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады