23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жол жүрісі қағидасын бұзған жүргізушіні басқа жүргізуші видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
4 қаңтар күні Астана – Щучинск жол учаскесінде қозғалыс қалыпқа келіп, қар тазартылған соң, полиция жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігі үшін көліктерді бағандармен сүйемелдеуді ұйымдастырды.
Жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қарамастан, BMW жүргізушісі қатарды бұзып, бірнеше рет жолақты ауыстырып, жаппай жол апатына әкелетіндей әрекеттер жасады. Оның барлық қозғалысы видеоға түсірілген.
Полиция жүргізушіні тоқтатып, маневр жасау ережелерін бұзғаны және апатты жағдай жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Материалдар сотқа жіберілді.
Айта кету керек, апатты жағдай жасағаны үшін көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл ретте полиция жол қозғалысына қатысушыларды мұқият әрі жауапты болуға, ережелерді сақтауға шақырады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік