Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстана қаласы маңында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 маусымда сағат 09-12-де Астана қаласының ТЖД бөлімшелері құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған орынға барған өрт сөндірушілер Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртенуін анықтады.
Қазіргі уақытта жеке құрамның 100 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 10 бірлігі, сондай-ақ қала әкімдігінің суару машинасының 8 бірлігі бар өрт сөндірушілер өртті жою үстінде, - деді Астана қаласы ТЖД баспасөз хатшысы.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек