23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Дәурен Серікұлы Қазбеков тағайындалды. Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев оны жеке құрамға таныстырды.
Дәурен Қазбеков 1982 жылы 19 қыркүйекте Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында 20 жылдан астам, орта басшы құрамнан бастап, әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2017 жылдан 2019 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы;
2019-2022 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Байқоңыр ауданы Полиция басқармасының бастығы;
2022 жылдан бастап Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
2022 жылғы 2 желтоқсаннан бастап Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады