Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы ауданының полицейлері бұрын жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген 39 жастағы ер адамды анықтады. Ол тапсырыс берушілерді алдап, ақшаларын жымқырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа клиенттер жиһаз жасаушыға таныстарының ұсынысы бойынша жүгінген. Ер адам тапсырысты уақытында орындайтынына сендіріп, азаматтардың сеніміне кірген. Жиһаз жасау мүмкіндігі жоқ екеніне қарамастан, клиенттердің үйіне барып, өлшемдерін алып, алдын ала төлем алған. Оның осындай төрт дерекке қатысы бар екені анықталды.
Шығынның жалпы сомасы шамамен 5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция азаматтарды кез келген жағдайда қырағы болуға шақырады
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?