Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен Түркістан облысының тумасын анықтады. Елорда тұрғыны Бөгенбай батыр даңғылындағы кафеден белгісіз біреудің ақша мен азық-түлік ұрлағаны туралы полицияға арызбен жүгінген.
Тергеу барысында күдікті түнгі сағат 02:00 шамасында пластикалық терезені бұзу арқылы кафеге кіріп, кассадан 45 мың теңге және кофе, шай, тағы да басқа өнімдерді ұрлағаны анықталды. Осы факті бойынша полицейлер бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы ер адамды анықтады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?