23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана полицейлері ер адамды мұзды судан құтқарды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін таңғы сағат 05.30-да полицияның «102» каналына Сарыарқа даңғылындағы көпірден ер адамның өзенге секіргені туралы қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына құрамында взвод командирі полиция капитаны Самат Сәбит, полк инспекторлары аға лейтенанттар Тасқын Сәкен және Ринат Мұхамеджанов бар патрульдік полиция экипажы дереу барған. Аталған орынға келгеннен кейін полицейлер суға батып бара жатқан адамды көреді. Бір секундты да жоғалтпай, Самат Сәбит жағаға жүгіріп барып, тез арада бушлат пен бас киімін шешіп, суға батып бара жатқан адамға көмектесу үшін мұзды суға кіріп кетеді. Осы уақытта Тасқын Сәкен көпірден құтқару шеңберін лақтырады, алайда ер адам ешқандай әрекет танытпайды.
Взвод командирі ер адамға жүзіп барып, оны ұстап алып әріптестері, құтқарушылар және жедел жәрдем бригадасы күтіп тұрған жағаға қарай тартып әкеледі.
«Қуанышымызға орай, ер адамның күртешесі әлі суланып үлгермеген, ішіне ауа үріліп, оны су бетінде ұстап тұрған. Мен оны мықтап ұстап, жағаға сүйреп апардым. Бірақ мұзды суда аяғым тартылып, ұстап қалды», - деп еске алады полиция қызметкері.
Полицейлер 51 жастағы ер адамның мұндай қадамға баруының себептерін анықтап жатыр.
Саматтай жігіттердің еңбегі елеусіз қалмаса екен, тіптен пәтер жалдап жүрген көпбалалы азаматқа пәтер сыйласа да артық болмас еді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады