Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары14 наурызда «Астана Орманы» ЖШС-де Әміржан Әлпейісовтың төрағалығымен Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жиыны өтеді. Онда Астана қаласы ҚХА ҚКК мүшелері, «Астана Орманы» ЖШС еңбек ұжымы, «Nur Otan» партиясының спикерлері қатысады.
Жиын барысында Қазақстанның әлеуметтік-бағдарланған мемлекет ретіндегі дамуы және азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съездінде атап өткен әлеуметтік басымдықтары анықталады.
Елбасы партия съезінде біздің басты басымдығымыз - Қазақстанның әлеуметтік-бағдарланған мемлекет ретіндегі дамуы және азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екенін атап өтті.
«Тіпті ең қиын кезеңдерде біз өзіміздің әлеуметтік міндеттемелерімізді орындай білдік. Әлеуметтік қолдауға жіберілетін қаражат көлемінің деңгейі елімізде әрқашан да жоғары және одан әрі ол біртіндеп өсе бермек. Әр түрлі бағдарламалар, жобалар және бастамалар негізінде бізбен ауқымды әлеуметтік инвестициялар жүзеге асырылады. Біз дамытуға бағытталған қаражат көлемін төмендетпей, мұқтаж адамдарға көмектесуге тиіспіз», - деп атап өткен еді Н.Назарбаев.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады