Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБүгін Кәукен Кенжетаев либреттосын жазған Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» қиял-ғажайып операсы «Астана Опера» театрының Үлкен залында көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көрерменге ұлттық эпикалық қаһарман Алпамыс батырдың опералық сюжеті ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бақыт, бостандық үшін күресін, туған жерге деген махаббатын дәріптейтін шығарманың музыкалық драматургиясы да анық баяндалады.
Операның музыкалық сүйемелдеуі халық әндерінен тұрады. Жағымсыз кейіпкерлерді суреттейтін, бейнелі-мазмұнды вокалдық партиялар да орындалады.
Спектакльді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей Халық әртісі, атақты режиссер Юрий Александров қойған. Музыкалық жетекші және қоюшы-дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.
Айта кетейік, «Астана Опера» репертуарында ұлттық спектакльдердің орны бөлек және ерекше сұранысқа ие. Сол себепті жыл сайын қазақ халқының тарихы мен дәстүрі баяндалатын музыкалық шығармалар саны артып келеді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды