29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары6 наурызда Күләш Байсейітова атындағы «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жүректен шыққан музыка» коцерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл іс-шара «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклінің жалғасы болмақ. Аталмыш жоба мазмұнды репертуарымен әрі жанға жайлы атмосферасымен тыңдарман жүрегінен орын алды.
Бұл кеште қазақстандық композиторлардың әндері, ретро-хиттер және әлемдік классикалық музыканың танымал туындылары шырқалады.
Сахнада опера труппасының солистері мен театр музыканттары, олардың арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен әртістері өнер көрсетеді. Жобаның авторы – Қазақстанның халық әртісі, профессор Хорлан Қалиламбекова.
Концерт Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтеді. Кеш көрерменге көктемгі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек