Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Астана Опера» театры Санкт-Петербургте өткен «Dance Open» халықаралық фестиваліне гастрольдік сапармен барып, өнер көрсетті. Балет труппасы көрерменге Ролан Пети хореографиясындағы Лео Делибтің «Коппелия» балетін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, отандық әртістер қойылымға қазақы нақыш беріп, жаңаша түрлендірді.
«Коппелия» — балет қойылымы. Бұл туындыны әртістер асқан актерлік шеберлікпен, жанын салып ойнады. Сахна декорациясы, жарықтартардың қойылуы – барлығы көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әсіресе шеберхана сахнасы көрерменге өзінше әсер етті: жарық пен көлеңке алмасып шынайылық пен қиялдың арасын көрсеткендей болды. «Астана Опера» әртістері көрерменмен тығыз байланыс орнатып, қызығушылығын еселей түсті. Қойылымнан кейін қонақтар әртістерге ерекше қошемет көрсетті, - делінген мәліметте.
Сол күні Санкт-Петербургте «Андрис Лиепа 6:0» атты гала-концерті өтті. «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан мен театрдың белгілі солисі Анастасия Заклинская сол концертте өнер көрсетті. Мерейтойлық кеш «Октябрьский» Үлкен концерт залында «Автографы и имиджы» жобасы аясында өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?