7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?«Астана Опера» балет труппасы Люблянадағы 72-ші Халықаралық жазғы фестивальде «Спартак» қойылымын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Цанкарьев дом» мәдени орталығының сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Адамжан, Мәдина Өнербаева, Әйгерім Бекетаева өнер көрсетті. Арман Оразов Красстың рөлін, ал Серік Нақыспеков Гладиаторды сомдады.
Қойылымды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының дирижері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен Словен филармониялық оркестрі мен әйелдер хоры сүйемелдеді.
Люблянадағы халықаралық жазғы фестиваль – Еуропадағы ең беделді мәдени іс-шара. Оған жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті әртістер мен ұжымдар қатысады. Бүгін осы фестивальде «Астана Опера» балет труппасының екінші және қорытынды қойылымы өтеді. Осы спектакльмен театр XI маусымын аяқтайды, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, бұл қазақстандық ұжымның алғашқы еуропалық туры емес. Бұған дейін «Астана Опера» әртістері Италия, Испания және басқа елдер сахнасында сәтті өнер көрсеткен болатын. Балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Алтынай Асылмұратова ұсынылған бағдарламалар жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?