23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Астана Опера» театры әртістері Қытайдағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Театрдың жетекші солисі Диас Құрманғазы мен жас хореограф, солист Сұлтанбек Ғұмар Ляониндегі (Шэньян) балет әртістерінің бірінші халықаралық байқауында марапаттарға ие болды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, байқауға 10 елден келген 400-ден астам өнер иесі қатысқан. Ал қазылар алқасының құрамына әлемдік сахнада танылған 20 адам енген.
Диас Құрманғазы үздік орындау үшін, ал Сұлтанбек Ғұмар үздік хореография үшін жүлдегер атанды.
Шэньян сахнасында Диас Құрманғазы өзінің серіктесі Камила Шахмановамен бірге П.Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш», Р.Дригоның «Талисман» балеттерінен үзінділерді және Сұлтанбек Ғұмардың қойылымындағы «Аңсау» нөмірін орындады. Соңғы қойылым бағдарламаның көркіне айналып, қазылар алқасы тарапынан әртістердің пластикасы, нөмірдегі музыкасы жоғары бағаланып, басқа қатысушылардың бірсарынды билеріне ұқсамайтынын атап өтті. Классикалық нөмірлер бойынша әртістермен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков жұмыс істеді.
Қойылымның музыкасын көркемдеген «ХасСақ» этно-фольклорлық тобының композициясы болды. Хореографтың айтуынша, қойылымның аз уақыт ішінде пайда болуына да осы музыка әсер еткен.
Бұл марапаттар қазақстандық балет мектебінің халықаралық беделіне қосылған елеулі үлес болды. «Астана Опера» үшін мұндай байқаулар жоғары дайындық деңгейін көрсетуге, әлемдік балеттің жетекші өкілдерімен шығармашылық байланыстырды нығайтуға және Қазақстандағы бишілердің жаңа буынын шабыттандыруға мүмкіндік береді,-деп атап өтті министрліктен.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады