Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Астана Опера» театрының әртістері Ақтөбе ферроқорытпа зауытына арнайы барып қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында театр өнерпаздары өнеркәсіптік туристік маршрутпен жүріп, зауыттың өндірістік кезеңімен танысты, металл балқыту процесін өз көзімен көрді. Сол жерде металлургтермен бірге ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
Сонымен қатар әртістер алғаш рет Хромтау қаласындағы Мәдени-демалыс орталығының сахнасында өнер көрсетті. Театрдың бас концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Долорес Үмбетәлиеваның сүйемелдеуімен солистер «Түрлі дауыстар әлемі» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
Ертең, 11 сәуір күні елордалық «Астана Опера» театры Ақтөбедегі «Өнер орталығы» концерт залында Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» жұлдыздары» гала-операсын ұсынады.
Бағдарламаға қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары енеді. Сондай-ақ ең кішкентай көрермен үшін С. Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары