6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен елорда мешіттерінде есту қабілеті төмен жандарға арналған сурдоаударма қызметі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге мешітке келуші жамағатқа арнайы сурдоаудармашы маманның көмегімен тікелей эфирде жұма уағызы аударылып, назарға ұсынылып отыр.
Республикалық саңыраулар қоғамының вице-президенті Жангелді Рахманұлы "Әзірет Сұлтан" мешітіне келіп, сурдоаударма қызметінің жүзеге асырылып жатқанына дән ризашылығын жеткізді, – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Айта кетейік, қазіргі таңда бас мүфти тапсырмасына сәйкес есту қабілеті төмен мұсылмандарға арналған сурдоаударма қызметін одан әрі жетілдіру, мұның барлық мешітте жүргізілуіне қатысты елордалық имамдар жұмыстануда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі