Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Халықаралық қатынасты одан әрі жаңарту және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп Астана – Челябинск бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, "Qazaq Air" қазақстандық авиакомпаниясы ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап De – Havilland Dash 8-Q400 әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Астана - Челябинск бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстердің ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Билеттерді авиакомпанияның ресми сайтында алуға болады.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік