Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Астана мен Алматы қалаларында субұрқақ маусымы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүрге сай, елордада дәл осы күні барлық фонтан іске қосылды. Астана әкімдігінің мәліметінше, субұрқақ маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілген. Атап айтқанда, жүйелерді консервациядан шығару, техникалық жөндеу және қалпына келтіру шаралары атқарылған. Қазіргі таңда елордада 50-ден астам субұрқақ жұмыс істеп тұр.
Фонтан маусымына дайындық аясында құрылғылар тазаланып, үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті реттеу жұмыстары жасалды. Жоспар бойынша, жаз бойы субұрқақтар қала тұрғындары мен қонақтарына көркем көрініс пен салқын ауа сыйлайтын болады.
Алматыда да фонтан маусымы ресми түрде басталды. 1 мамырдан бастап қалада 56 фонтан жұмысын бастады, оның ішінде 11-і – «құрғақ» фонтан. Субұрқақтар күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ауа температурасы +5°C-тан төмендеген жағдайда ғана тоқтатылады.
Сонымен қатар Алматыда төрт орталық фонтанға күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Олардың қатарында әкімдік алдындағы, Республика алаңындағы және Мұхтар Әуезов атындағы театр жанындағы фонтандар бар. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алдағы уақытта тағы алты фонтанды қайта жаңарту жоспарда бар.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, фонтандар – қаланың сән-салтанаты ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың өмір сапасын арттыратын маңызды элемент. Оларды жаңарту Алматының көркін арттырып, заманауи әрі жайлы мегаполис ретінде дамуына өз үлесін қосады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?