Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАстанадағы мектепте оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құқық қорғаушы Динара Смаилованың сөзінше, жедел жәрдем ұзақ жеткен. Ал қабаттар арасында орналасқан камералар жұмыс істемеген.
Қазір балаға Түркияда шұғыл ота жасау керек. Ол бас жарақатының кесірінен көзі көрмей бара жатыр, – деп жазды ол.
Балаға ашық бас сүйек-ми жарақаты, торлы сүйектің сынуы, маңдай сүйегінің сынуы, пневмоцефалия, көз алмасының ісуі, периорбиталды ісу диагнозы қойылған.
Мектеп директоры жауапкершіліктен қашып, әкімшілік айыппұлға үміттенеді. Міндетіңізді дұрыс атқармағандықтан денсаулыққа ауыр зиян келді. НеМолчиKz қоры жедел түрде №14 мектеп директоры мен білім беру департаменті отаның құнын, материалдық және моральдық өтемақы төлеуді талап етеді, – деп қосты құқық қорғаушы.
Балалар құқығы бойынша уәкіл Динара Закиева баланың анасымен байланыста екен мәлімдеді. Қазіргі таңда оқушы есін жиған, қазір қылмыстық іс қозғалыпты.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді