30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты3 қыркүйекте елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2023 халықаралық марафоны өтеді. Қатысушылар 42,2 км (18 жастан бастап) және 10 км (16 жастан бастап) қашықтықта жүгіре алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін екі қашықтықтағы маршруттар төмендегілерге өзгертіліп отыр.
Марафоншылар «ЕХРО» ХКО (Мәңгілік Ел, 53/1) аумағынан старт алып, Түркістан көшесі бойымен «Абу-Даби Плаза» СОО алдынан солға – Ақмешіт көшесі – Орынбор көшесі – одан әрі Қабанбай батыр даңғылына жетпей, Ботаникалық бақтағы жүгіру жолымен Ақмешіт көшесіне дейін барып, Ақмешіт көшесі – Экспо қалашығының айналасы – Рысқұлов – Қабанбай батыр – Қарқаралы тас жолы – Айналма жол көшесіне оңға – одан әрі бұрылыс – Айналма жол көшесі – Қарқаралы тас жолы – Қабанбай батыр – Рысқұлов – Ақмешіт – ЭКСПО қалашығының айналасы – Түркістан – «ЕХРО» ХКО аумағында мәреге жетеді.
10 км қашықтыққа қатысушылар маршруты төмендегідей:
Марафоншылар «ЕХРО» ХКО (Мәңгілік Ел, 53/1) аумағынан старт алып, Түркістан көшесі бойымен «Абу-Даби Плаза» СОО алдынан солға – Ақмешіт көшесі – Орынбор көшесі – одан әрі Қабанбай батыр даңғылына жетпей, Ботаникалық бақтағы жүгіру жолымен Ақмешіт көшесіне дейін барып, Ақмешіт көшесі – Экспо қалашығының айналасы – Түркістан – «ЕХРО» ХКО аумағында мәреге жетеді.
1-2 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін "ЕХРО" халықаралық көрме орталығында (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1) өтетін Astana Marathon EXPO 2023 спорттық көрмесі кезінде ғана тіркелуге болады. Осы жерден тіркелген қатысушылар жүгірушінің арнайы пакетін ала алады.
Көптеген жылдар бойы Astana Marathon шарасына бүкіл әлемінен жүгірушілер қатысып келеді. Биыл да Астанаға Австралия, Ұлыбритания, Германия, Польша, Португалия, Ресей, Испания, АҚШ, Нидерланды, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның жиырмадан астам қаласынан марафоншылар келеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды