23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана маңындағы балық аулау бекетінен қарасора өсіретін жасырын зертхана табылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері жабайы қарасора өсірумен айналысқан 49, 48 және 47 жастағы қаланың үш тұрғынын ұстады. Жеке үйде тұратын ер адамдардың бірін тінту кезінде үйдің моншасынан 6 түп кендір мен құмыраларда өсірілген 26 түп бұтаны тапты.
Сондай-ақ жабдықар табылды: өсімдіктерге арналған желдеткіштер, температура шамдары, құрғақ және сұйық тыңайтқыштар. Тергеу барысында бұл жігіттердің Көктал көлінің маңындағы балық аулау бекетінде жұмыс істегені анықталды. Кендір бұталары бар құмыраларды тасымалдап, фермадағы жерасты зертханасында өсірілген.
Станцияны тінту барысында құмыраларға салынған 55 түп кендір, есірткі заты бар 9 дана полиэтилен байламдары табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталған ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша айып тағылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік