2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстана іргесіндегі Қоянды ауылында 2000 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі заманғы төрт қабатты ғимаратта 96 оқу кабинеті бар, олар интерактивті тақталармен, мультимедиялық құралдармен және жаратылыстану ғылымдарына арналған зертханалармен жабдықталған. Мектепте төрт спорт залы, акт залы, асхана және оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Әр блокта оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген коворкинг аймақтары, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы орта жасалған.
Мектеп аумағында спорт алаңдары, жүгіру жолақтары, футбол алаңы және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын алаңы салынған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен қолжетімділікті бақылау жүйесі орнатылған.
Өңір басшысы мұндай білім беру нысандарының құрылысын балалардың білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Ауылымызда жаңа мектеп ашылғанына өте қуаныштымын. Ұлым Райанды осында еш күмәнсіз ауыстырдым. Бұған дейін ол Астанада туыстарымыздың үйінде тұруға мәжбүр еді. Енді отбасымыз барлық мүшелері бірге тұрып жатырмыз, ал ұлым жақсы жағдайларда сапалы білім алуда, - деді Қоянды ауылының тұрғыны Ұлболсын Ибрагимова.
Айта кетсек, Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жалпы сыйымдылығы 12 200 орын болатын 9 жайлы мектеп салынды. Оның жетеуі Целиноград ауданында, ал екеуі Көкшетау қаласында орналасқан.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова