28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада қаланың коммуналдық қызметтері жолдарды, орталық көшелерді, тротуарлар мен аялдамаларды тәулік бойы екі ауысымда тазартады, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, 21 қарашадағы түнгі ауысымда 900-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшылары қар тазалау жұмыстарына тартылды. Бір күнде полигондарға 1408 рейспен 18 мың текше метрден астам қар жеткізілді. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 43 832-ден астам рейспен 556 мың текше метр қар шығарылды.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады. Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие, - деп жазылған қала әкімдігі таратқан мәліметте.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?