Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы көшелерді толассыз жауған қардан тазарту жұмыстарымен айналысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі уақытта магистральдық көшелерде сыпыру-жинау техникаларымен қар қүреліп жатыр.
Жолдар, жаяу жүргіншілер жүретін жерлер мен басқа да қоғамдық орындар, жерүсті өткелдері мен тротуарлар, велосипедке арналған жолдар мен қоғамдық көлік аялдамалары қардан тазартылуда.
Биылғы қыс маусымы басталғалы Астанадан 920 мың текше метрден астам қар шығарылды. Жұмыс жалғасуда.
Түнгі уақытта 1400-ден астам арнайы техника мен 260-тан астам жұмысшылар көшелерді қардан тазартумен айналысып жатыр.
Синоптиктердің болжамынша, 3 қаңтарда елордада ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -13-15°С болады.
Аудандық әкімдіктерде қар күреу жұмыстарының барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Жүргізушілерді жылдамдықты шектен асырмай, көліктер арасында ара қашықтық сақтауға және шұғыл маневр жасамауға шақырамыз.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?