2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Астана» вело командасының өкілі Хенок Мулюбырхан Жапониядағы көпкүндікте үздік үштікке енді, деп жазады El.kz интернет порталы.
114,85 шақырымдық кезең Минамиогуни мен Минамиасо қалаларының арасындағы бағытта өтті және тартысты топтық спринтпен аяқталды. Бірінші орынды бельгиялық Дрис Де Путер (Intermarché — Wanty, 2:35:47) иеленсе, екінші болып француз Геофрей Сойпе (TotalEnergies) мәре сызығын кесіп өтті. Үздік үштікті Қазақстан командасының өкілі, эритреялық спортшы Хенок Мулюбырхан түйіндеді.
Жалпы есепте екі кезеңнің қорытындысы бойынша Мулюбырхан жетінші орынға көтерілді.
Команда қолдауының арқасында сәтті спринт өткізуге мүмкіндік туды. Бүгінгі кезең біз үшін сәтті өтті, екінші мәрте өрге бастағанда 14 шабандоздан тұратын шағын топ алға шықты, мен Николямен бірге сол топта болдым. Николя шабуыл жасауға тырысты, мен де қолдадым, бірақ негізгі топ қуып жетті, бәрі мәре сызығында шешілді. Кеше жақсы мүмкіндік қолдан кетіп еді, бүгін нәтижеге жеттік. Ертең жаңа кезең — тағы да сынға түсемі, - деді Мулюбырхан.
Бұған дейін XDS Astana Team шабандозы Маттео Малучелли Қытайда өткен «Тур озера Тайху» көпкүндік жарысында жеңіске жеткен еді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова