7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Елордада өткен жартылай марафонға екі мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа қатысу үшін Астанаға Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Польша, Ресей, Украина елдерінің және Қазақстанның 30-дан астам қаласының тұрғындары келген.
Қала әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, қатысушылардың жасы 16 мен 75 жас аралығында болды.
Жартылай марафонға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев қатысып, Astana Half 2023 іс-шарасын алғысөзімен ашып, жарысқа қатысты.
Жарысқа қатысушылар 21,1 км және 5 км қашықтықта сынға түсті. Astana half 2023 жартылай марафоны –қыс мезгілінен кейін жаппай жүгіруде өзіңізді сынаудың алғашқы мүмкіндіктерінің бірі. Желаяқтарға 21,1 км және 5 км қашықтықт ұсынылады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама, ал тәжірибелі спортшылар үшін – биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық. Astana half 2023 ережесіне сәйкес, жарысқа 18 жастан асқан барлық адамдар 21.1 шақырымға және 16 жастан 5 шақырымға тіркеле алады.
21,1 км маршрут бойынша изотоника, гельдер, су және жемістер ұсынылды.
Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы Астана әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events компаниясы болып саналады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?