30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлордада Astana half 2023 жартылай марафонына қатысушылар 21,1 км және 5 км қашықтыққа жүгіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, жартылай марафон қала әкімдігінің қолдауымен Халықаралық Astana Marathon негізін қалаушылар ұйымдастырып отыр.
Astana half 2023 жартылай марафоны –қыс мезгілінен кейін жаппай жүгіруде өзіңізді сынаудың алғашқы мүмкіндіктерінің бірі. Желаяқтарға 21,1 км және 5 км қашықтықт ұсынылады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама, ал тәжірибелі спортшылар үшін – биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық, - деп жазылған әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметте.
Қазіргі таңда жартылай марафонға Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Ресей, Украина және Қазақстан елдерінің 30-дан астам қаласынан 16 жастан 75 жасқа дейінгі екі мыңға жуық қатысушы тіркелгені белгілі болды.
Жарысқа 18 жастан 21,1 км-ге және 16 жастан 5 км-ге дейін барлық ниет білдірушілер тіркеле алады. Іс-шараның желаяқтары мен қонақтары үшін елорданың кәсіби жаттықтырушылары ойын-сауық және жарыс алды қыздырыну бағдарламасын әзірлеп отыр. 21,1 км қашықтық бойынша изотоника, гельдер, су және жеміс ұсынылады.
Іс-шара күні бірқатар бағыт бойынша көшелер жабылады. Ал 21,1 км қашықтыққа жүгіру келесі маршрут бойынша өтеді: ЭКСПО аумағынан басталып, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 Түркістан көшесіне – Заводская-Заводская-Ұлы Дала-Қабанбай батыр даңғылдарына бұрылу – бұдан әрі 29/1 – Ақмешіт көшесі – ЭКСПО қалашығының айналасында – Түркістан көшесі және EXPO аумағында мәреге дейін.
Сонымен бірге, 5 шақырымға жүгіретіндер ЭКСПО ХХО аумағынан басталады, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 Түркістан көшесіне – Заводская-Заводская-Ұлы Дала-Қабанбай батыр даңғылдарына бұрылу, бұдан әрі 29/1 – Ақмешіт көшесі – ЭКСПО қалашығының айналасында – Түркістан көшесі және EXPO аумағында мәреге дейін сынға түспек. Қатысушылар жарыс күні таңғы сағат 6-да EXPO қарсы тұрақ аумағында жиналуы тиіс.
Марафон 7:00-де басталып, 10:00-де өз мәресіне жетпек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды