Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерQazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шығатын отандық дзюдо шеберлерінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер құрамасы сапында 73 келіже Саят Сейітқалиев пен Қуан Барыс, Бақытжан Әбдірахманов және Есет Қуанов күреседі. Ал 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек пен Азат Күмісбай шеберліктерін көрсетеді.
Әйелдер санатында 63 кеді салмақта Асылжан Орынбасарова, 70 келіде Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева және Анастасия Морозова татамиге шығады.
Айта кететін жайт, жарыстың бірінші күнінде 4 қазақстандық дзюдошы жүлде иеленді. Оның ішінде Талғат Орынбасар (60 кг) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) күміс жүлде иеленсе, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин (екеуі де 60 кг) қола жүлдеге ие болды.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі