10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы26 маусым Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні аталып өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қалалық әкімдігінің мәліметінше, осы күнге орай Астанада «Астана – есірткісіз қала!» есірткіге қарсы ауқымды акциясы өтеді.
«Астана – есірткісіз қала!» акциясы 22 маусымда «Хан Шатыр» СОО-да сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін, сондай-ақ Есіл жағалауындағы амфитеатрда сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Оған қазақстандық эстрада мен спорт жұлдыздары, спорттық, вокалдық және би ұжымдары қатысады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Астана полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы болып саналады.
Акцияға қатысушыларға Кинологиялық орталықтың қызметтік-іздестіру иттерімен кинологтардың жұмысы көрсетіледі.
Сондай-ақ акцияның барлық белсенді қатысушылары үшін викториналар, спорттық жарыстар, сыйлықтар ұйымдастырылады.
Іс-шара шеңберінде елорда аумағында нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін ҮЕҰ өкілдері мен еріктілер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Іс-шара елорда әкімдігінің, психикалық денсаулық орталығының, АИВ-инфекцияларының алдын алу орталығының, «Ренессанс» оңалту орталығының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен өткізіледі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді