Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада ерекше флешмоб ұйымдастырылды, көліктердің көмегімен «Астана – есірткісіз қала» деген ұран құрастырылды. Бұл шара тұрғындардың назарын есірткі мәселесіне аудару мақсатында өткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Флешмобты Астана қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы еліміздің автомотоспорт федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай жарияланған айлық аясында өткізілді. Оның басты мақсаты – қоғамда есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыру, тұрғындардың, әсіресе жастардың ақпараттану деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Біз бұл іс-шара арқылы қоғамға мынадай ой тастағымыз келеді: есірткімен күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз. Еркіндік дегеніміз – денсаулықты, спортты және саналы өмірді таңдау. Мұндай акциялар өмірді, қозғалысты және жауапкершілікті таңдайтын адамдардың басын қосады, - деді ұйымдастырушылар.
Іс-шараға танымал спортшылар мен қоғам белсенділері қатысты.
Біз есірткіге қарсымыз, салауатты өмір салтын қолдаймыз. Адамдар спортпен айналысып, өз денсаулығын күткенін қалаймыз, - деді әйгілі чемпион Илья Ильин.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?