23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Павлодар» республикалық автожолындағы 235-259 шақырымды қамтитын проблемалық учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев телеграм каналында жария етті, деп хабарлайды El.kz.
Айтуынша, 138 мың шаршы метр жол жөнделіп, оған 35 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары толық көлемде орындалды.
«Шынымен, аталған жолдың осы учаскесіне қатысты мәселе аймақтағы көп жылдан бері қордаланып, шешілмей келген сұрақтардың бірі еді. Айта кетерлігі, автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында маңызды орын алды. Бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай сапалы жергілікті жолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар министрлігіміздің күн тәртібінен түспейді», - дейді ведомство басшысы.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік