Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЧемпиондар лигасының екінші іріктеу раундының қарымты матчында «Астана» өз алаңында Загребтің «Динамосын» қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Командалардың бастапқы құрамы мынадай:
«Астана»: Чондрич, Вороговский, Эбонг, Томасов, Оганесян, Айымбетов, Прокопенко, Марочкин, Томашевич, Лончар, Аманович;
«Динамо»: Ливакович, Мохаррами, Петкович, Эмрели, Ристовски, Любичич, Михайличенко, Сучич, Мишич, Шутало, Шпикич.
Сырт алаңда жауапсыз төрт гол өткізіп алған астаналықтар қарымта матчта жылдам есеп ашуға тырысып бақты. Дегенмен қарсыластар ойын тізгінін қолына алып, Михир Эмрели қақпаны дәл көздеді. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды.
Үзілістен соң да елордалықтар қарсылас қақпасына шабуыл жасап көрген, дегенмен бұл әрекет нәтиже берген жоқ. Ал матч аяқталуына бірер минут қалғанда қонақтар сапынан Антонио Марин есепті еселеді.
Осылайша ойын 0:2 есебімен аяқталса, екі кездесу қорытындысы - 0:6.
«Астананың» Чемпиондар лигасындағы жорығы аяқталып, енді Еуропа лигасында болгариялық «Лудогорецпен» кездеседі.
«Астана» (Астана, Қазақстан) — «Динамо» (Загреб, Хорватия) 0:2 (0:1)
Голдар: Эмрели 24 (0:1), Марин 89 (0:2)
Алғашқы ойын: 0:4.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?